Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Ордабасыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Ордабасыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

Ордабасы аудандық “ Жастар сарайы» ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен 2020 жылға жоспарланған іс-шаралар бойынша брифинг өтті, деп жазады Ордабасы ауданы  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алға қойылған жоспарлар барысы жайында «Түркістан Медиа Холдинг «Рухани жаңғыру» бөлімі, «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының әкімшісі – Серік Гүлжан Серікқызы,
«Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі – Қыпшақбаева Гүлнұр Бейсенқызы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.

Бағдарламаның білім саласына қатысты тұстарына анықтамалық түсіндірме берілді.
Жиынға ауыл округ әкімі аппаратының қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері, аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері, жастар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір жазу