Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатқан “ҚАМҚОРЛЫҚ” шарасы Жетісай ауданына қарасты кент, ауылдық округтерде жалғасын тауып келеді.
Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утановтың демеушілігімен Асықата кентіндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған отбасылардың шаңырағына қайырымдылық жасалды, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Негізгі мақсаты елдегі әлжуаз отбасылар санатына жататын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, оларға мүмкіндігінше жағдай жасау, күн көріс деңгейін жақсартып, кедейлік шегінен шығуларына ықпал ету болып табылатын шараға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен жергілікті әкімдер, қалталы кәсіпкерлер мен аудандық мәслихат депутаттары бекітілген болатын. Осыған орай халық қалаулысы, «NurOtan» партиясының мүшесі Әлихан Айдарханұлы босағасын аттаған отбасыларға картоп, пияз, ұн мен май, қант пен шай, макарон, күріш, тәттілермен бірге сабын, шапунь, кір ұнтағы мен әжетхана қағаздарына дейін үлестірді.
Тек қамқорлық көрсетіп қана қоймай әрбір шаңырақтың қажеттіліктері мен мұң-мұқтажына құлақ түрген депутат айтылған өтініш-тілектер бойынша тиісті органдармен жұмыс жүргізетінін айтты.
Айта кетейік, «ҚАМҚОРЛЫҚ» шарасы дәл бүгін Атамекен ауылдық округінде де жалғасып жатыр.