Оңалту орталығы сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетуде.
Жетісай ауданындағы мүгедек балаларды оңалту орталықтарында бүлдіршіндердің денсаулығында оң өзгерістер бар. Өйткені, «әлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға әсер ету, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика қызметкер секілді қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің әрбір көмекке зәру жандарына қол ұшын созып жатыр.
Осыған орай, Жетісай ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес Жетісай қаласы мен Асықата кентіндегі мүгедек балаларды оңалту орталықтарында 50 бүліршінге тиісті қызметтер көрсетілуде. Аталмыш орталықтарда балалардың жасына қарай ыңғайластырылып, жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен жабдықталған арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Қызмет алушыларға оңалту орталығы сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушылары, терапевт пен балалар дәрігері, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі қызмет көрсетеді. «Орталықтарға келуші бүлдіршіндеріміздің денсаулықтарында бүгінде алға жылжу байқалады. Бәрі болмаса да арасында сөйлеу қабілеті артып, аяқ-қолдарының қимылы жақсарып келе жатқандары бар. Бұл – сол жердегі мамандарымыздың еңбегінің жемісі. Біздің көмегімізге мұқтаж бүлдіршіндерімізді қоғамнан өздерін кем санамауы, өздерін қоғамға жат сезінбеулері үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Озық тәжірибелерді меңгеріп, жұмысымызды ширата түсудеміз» дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Досыбайұлы.
Оңалту орталығы сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетуде. Нәтижесінде 4 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, тағы 2-і аяққа тұрған.