Келес ауданында көшпелі ауыл шаруашылығы кеңсесі өз жұмысын, Біртілек ауылдық округінде халықпен кездесу өткізумен жалғасын тапты, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Ауыл шаруашылығы кеңсесінің мақсаты — ауданның шаруалары, дихандары және агроқұрылым басшыларымен күнделікті кездесетін өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, тікелей ДИАЛОГ құру болып табылады. Өздеріңізге белгілі Келес ауданының тыныс-тіршілігі тікелей ауыл шаруашылығымен байланысты. Атап айтқанда: көкөніс егу, бау-бақша, жеміс-жидек және мал шаруашылығы.
Біртілектегі кездесуге Ауылшарушылығы кеңсесінің топ басшысы, аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев, Біртілек ауылдық округінің әкімі К.Халық, Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауданының су шаруашылығының мамандары, Біртілек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және Біртілек ауылдық округінің шаруалары, дихандары және агроқұрылым басшылары қатысты.
Жиын барысында Біртілек ауылдық округінің халқына ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер мәселелері бойынша қазіргі таңда туындап жатқан мәселелер көтеріліп, шаруалырдың уәждері мен ұсыныстары тыңдалды. Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев Келес ауданы, Сарыағаш ауданынын бөлініп шығуына байланысты, бұрын алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерлердің (жайылым, суармалы) мемлекеттік актілерді қайта рәсімдеу керектігін айтты, егер мемлекеттік актілер жаңадан алынбаса, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен субсидиялар ала алмайтындығын айтты. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында қазіргі кезде жылына 2-3 өнім алып, өнім көлемін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ауыл әкіміне тапсырмалар берді.
Жиын соңында ауыл азаматтарының сұрақтары заң аясында қаралып, назарға алыну бойынша қаулы шығарылды. Алдағы уақытта жұмысшы топ осылайша барлық ауылдық округте болып, қордаланған мәселені өз көзімен көріп, күрмеуін шешуге атсалысатын болады.