Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ӘЛЕМДIК ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТI ШАРДАРАДА

ӘЛЕМДIК ФЕДЕРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТI ШАРДАРАДА

Әлемдiк армрестлинг федерациясының президентi Игорь Мазуренко Шардарда болды, , деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Әбдірашиттің материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Ол, Қыдырғали Оңғарбаев туралы арнайы деректi фильм түсiрмек. Қол күрес спортынан кәсiпқойлар арасындағы әлемдiк Федерация басшысы бұл таңдаудың бекер еместігін айтады. Өйткені шағын ғана қаланың білекті жастары бүгінде әлемді мойындатып отыр, деді Президент. Польшадан келген қонақты Шардара ауданы әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев қабылдап, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Әлемдiк армрестлинг федерация президентiмен болған кездесуде Шардара ауданында спорт саласының дамуы мен жетiстiктерi жөнiнде баяндалды. Өз кезегінде Игорь Мазуренко спорт саласына келуiнен бастап, Еуропа, Азия, Әлем чемпионаттарында алған әсерлерiмен бөлiстi. Жоғары деңгейдедегi жарыстарда шардаралық спортшылардың басымдылығы жөнiнде айтты.  Кездесу барысында әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев федерация президентi Игроь Мазуренкоға аудан әкiмiнiң Алғыс хаты мен «Армспорт» клубының естелiк сыйлығын тапсырып, иығына шапан жапты. Өз кезегiнде Игорь Мазуренко аудан әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиевке «Әлем чемпионатының құрметтi медалiн» табыстады.
Кездесу соңында  Арман Қарсыбаев басқаратын №4 облыстық олимпиада резервтерiн дайындайтын спорт мектебiне барып, жас спортшылармен бiрге армрестлингтен Әлем чемпионы Қыдырғали Оңғарбаевтың құрметiне қойылған ескерткiш тақтаның ашылу салтанатына қатысты. «Әлем чемпиондары аллеясына» ағаш отырғызып, Қыдырғалидың алғаш рет қол күрестiрген «Қол күресi столында» даңқты екi спортшы күш сынасты.

Пікір жазу