Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Түркістан облысында электробустар шығаратын зауыт салынбақ

Түркістан облысында электробустар шығаратын зауыт салынбақ

Түркістан облысында электр қуатымен жүретін автобустарды жасайтын зауыт салынбақ. Өңірдегі  жолаушылар тасымалымен айналысатын 44 көлік компаниясының меншігіндегі 1300 қоғамдық көліктің  көпшілігі ескірген, деп жазады  «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

«Қоғамдық көліктерді жаңалауға тапсырма берілді. Түркістандағы жалғыз тасымалдаушы былтырдың өзінде 20 жаңа  көлік сатып алды, биыл тағы да бірнеше автобустар сатып алмақшы. Бұған қосымшалар біз алматылық  компаниямен келісіп, электр қуатымен жүретін автобустардың зауытын салайын деп жатырмыз. Ол электробустар жаңа шағынаудандарда қатынайды, ал ескі Түркістанда қостанайлық автобустар жүреді. Қостанайдың жаңа 50 автобусын аламыз деген келісім бар. Тасымалдаушы компаниялардың  деңгейін көтеру жөнінде  тапсырма бар», деп атап өтті өз есебінде облыс әкімі.

Бұл жағымды жаңалықпен  Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында өткен халықпен кездесуінде бөлісті. Алдағы уақытта аталған жоба іске асса,  Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарына қолайлы болмақ.

Пікір жазу