Түркістан облысы Түлкібас ауданы ауылшаруашылығы дамыған, табиғаты керемет, аудандардың бірі. Соңғы жылдары ауданның ауылшаруашылығы мықтап қолға алынып, еңбекқор халқы шаруашылықтың көптеген түрін дөңгелетіп отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда.
Биыл Түлкібас ауданындағы суармалы алқаптардың аумағы 1115 гектарға ұлғаймақ, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kzақпараттық агенттігі.
Бұл жетістікке 2019 жылдың желтоқсан айында респубикалық бюджет есебінен 16 шақырымды құрайтын 5 су нысанының іске қосылуы сеп болғалы отыр. Бүгінгінің өзінде аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының 50 пайызға жуығы еңсерілсе, ағымдағы жылдың шілде айында ел игілігіне толық берілмек.
Жаңадан айналымға қосылатын 1115 гектар суармалы жердің 123,2 гектары Шақпақ, 555 гектары Жабағылы, ал 437 гектары Кемербастау ауылдық окруктерінің аумағында орналасқан.
Су шаруашылығы мамандарының айтуынша, суармалы жерлерді ағынды сумен жабық темір құбыр арқылы қамтамасыз ету, темір бетонды каналға қарағанда 3 есе артық тиімді екен.
© DIDARBEK.kz