Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «BIZ BIRGEMIZ» АКЦИЯСЫ – ТӨЛЕБИДЕ!

«BIZ BIRGEMIZ» АКЦИЯСЫ – ТӨЛЕБИДЕ!

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы жалғасын табуда, деп жазады Төлеби аудандық Nur Otan партиясының филиалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Алатау ауылдық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, ауылдық округтің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалыұлы Даулет есімді азаматтың демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.


Кәсіпкерлер қиын кезеңде халқымыздың жанынан табылып, игі бастамалардың бас қасында жүріп, қол ұшын созудан аянбауда. Мұқтаж отбасыларына еңсесін тіктеуге жәрдемдесіп, елімізге үлгі болып жатқан барша жанашыр жандарға алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз! Ауыл тұрғындарының ризашылықтарын да жеткізгіміз келеді.

Ескере кететін жайт!  Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Biz Birgemiz» акциясы басталғандығы бәріңізге белгілі. Аталған акция аудан көлемінде тек демеушілердің тарапынан өтетінін назарларыңызға салып отырмыз.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу