Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 215 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

215 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясында 215 мұқтаж отбасыға азық — түлік себеттері үлестірілді.

Түлкібас ауданында Елбасының бастамасымен елімізде қарқын алған «BIZ BIRGEMIZ» акциясы өз жалғасын табуда. Осыған дейін аудан әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен қарқынды түрде іске асып жатқан акция бұл жолы аудан тұрғындары тарапынан жалғасын тапты.

Күні кеше қасиетті Рамазан айының  9-шы күні түлкібастық еріктілер 215 отбасыға бірінші кезектегі қажетті азық — түлік себеттерін 38 елді мекендегі тұрмыс жағдайы төмен 215 отбасыға үлестірді.

Бұл шараны ауданның ерікті тұрғындары өзара қаржы жинау арқылы 2 млн. 567 мың теңгеге іске асырып отыр.
Осылайша бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырған түлкібастықтар сындарлы сәтте қол ұшын созып, уақытша қиындықты бірге еңсермек.

Қайырымдылық жасаған азаматтардың өтініші бойынша азық-түлік таратып жатқан және алып жатқан тұрғындардың суреті әлеуметтік желіге жүктелмеді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу