Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов және Шымкент қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың қатысуымен аталған басқарманың 7 айда атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өтті.

– «Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек құқықтарын бұзғандығы бойынша түскен арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу алгоритмі» Шымкент қаласы әкімімен бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Яғни, бүгінде алгоритм аясында шиеленіскен мәселелерді шешудеміз. Бұл мақсатта үш жақты комиссия құрылды. Олар – Шымкент қаласының аудан әкімдіктері, «Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Шымкент қаласындағы ҚР Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясы, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Ал Бауыржан Ахметәліұлы атқарылған жұмыстар бойынша сөз қозғады.

– Осы жылдың 7 айында азаматтардан 650 арыз-шағым түсіп, бәріне жауап берілді. Оның 104-не тексеру жүргізіліп, 147-і заң бұзушылық анықталды. Айта кетейін, арыз-шағымның көбісі жекеменшік балабақшаларға байланысты. Бұл ретте жалақы қарызы жайлы жеткізсек, өткен жылы 7 кәсіпорын 73 жұмыскердің алдында 13,8 млн теңге жалақы қарызы болған. Бүгінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде бұл көрсеткіш 3,8 млн теңгеге түсті, – деді Б.Қалжанов.

Басқарма басшысы одан бөлек, өндірістік орындарда жазатайым жағдайлардың азайғанын айтты. Сондай-ақ электрондық шарт бойынша сөз қозғап, қалада жыл басынан бері 923 кәсіпорын 37425 еңбек шарттарын жүйеге енгізгенін жеткізді.

 

Фото – С.Қосай

Пікір жазу