Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ – ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ – ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсеткен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» атты кітап көрмесін  қыркүйек айының 11-і күні оқырман қауымға таныстырды.

Іс-шараны Мамандандырылған колледжнің ұстазы Бубеева Роза,   Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы өзіндік мазмұны мен мәні жағынан, орындалуы тиіс жобалардың бағыты бойынша бұдан алдын жарық көрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға тартқан Елбасы, біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өтті. Біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты, дей отырып осы мақала аясында жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті.

Кітапханашы С.Қойшыбаева, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын  жариялады. Елбасы қазақ жерінің жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға үндейді. Ұлы даланың жеті қыры туралы сөз қозғайды. «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», — деп жазады. Қазақ жерін мекен еткен ежелгі адамдардың ойлап тапқан техникалық жаңалықтарына, атқа міну мәдениетіне, олардың киім үлгісіне, қару-жарағы мен кен өндіру жетістіктеріне, ғылымдағы жеткен жетістіктері туралы айтылады, деп мақалаға шолу жасап өтті.

Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс. Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде, дей отырып кітапхана меңгерушісі М.Керимбекова арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырды.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу