Бақытты отбасы» жобасы аясында аудан аумағында тұрмыстық зорлық — зомбылықтың, жасөспірімдерге жасалынатын зорлық — зомбылықтың алдын алу мақсатында Алтынтөбе, Қарабау ауыл округтерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға ауылдық ардагерлер алқасының төрағалары, ауылдық әжелер алқасының төрайымдары, ауыл әкімдері, ауыл әкімі аппаратының мамандары, мектеп директорлары, емхана, фаб меңгерушілері, балабақша қызметкерлері, ауданыдық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы, жастар әдіскері қатысты. Аудандық «Әлеуметтік — психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің араулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметік қызметкері 2021 жылмен 2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарына қысқаша тоқталып
«Бақытты отбасы» жобасын бірге жүзеге асыруға, ауыл окургтерде орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатты, аутодеструктивті мінез құлықтың,құқықбұзушылықтың, тұрмыстық зорлық — зомбылықтың алдын алу мақсатында елдің арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Жиынға қатысушылар жиын соңында ұсыныс пікірлерін айтып, алдағы уақытта бірге жұмыс атқаратынын атап өтті.