Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАСТАР АТА ЗАҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІРЛЕСТІ

ЖАСТАР АТА ЗАҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІРЛЕСТІ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 жылдығына орай, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Ата заңым-айбыным» атты пікірсайысы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған пікірсайыстың мақсаты — азаматтық жауапкершілігі зор, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Жастар мен қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен пікірсайыста Қазақстан Республикасының Конституциясының әр бөлімдеріне жеке тоқталып және Қазақстан жастарының басты проблемасы, жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну жолдары тақырыпқа негіз болды. Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды.

Сондай-ақ, дебат соңында ойыншылар барша көрермен жастарды елдің саяси өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ,  қалалық прокуратура мен қалалық Полиция департаментінің өкілдері және қаламыздың белсенді жастары қатысты.

Пікір жазу