Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ҰЛЫТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫТАУЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ

Ұлытау облысынан Сайрам ауданына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін жұмысшы топ келді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында Ұлытау облысынан Сайрам ауданына жұмысшы топ келді. Олар Ұлытау өңіріне қоныс аударуға ниетті азаматтарға түсіндірме жұмысын жүргізуде.
Осы ретте еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында ауыл белсенділерімен кездесті. Ақсукент және Қарабұлақ ауылдық округтерінің орталықтарында өткен басқосуларға жалпы 350-ге жуық тұрғын қатысты.
Жұмысшы топтың жетекшісі М.Әбжан және мүшелері Ж.Ершеев, А.Әбілова, Ж.Түсіпбеков өз өңірлеріндегі бос жұмыс орындары туралы айтты. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жайында кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, тақырып аясында талқылау өтті. Жиынға қатысқандарға тұрғын үй көмегі, жұмысқа орналасу, жоғары немесе орта арнаулы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған көмек түрлері, жас отбасыларға арналған басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жайлы ақпараттар берілді.
– Бағдарлама аясында көшіп-келген отбасыларға 1 жыл көлемінде тегін тұруға үй беріледі. Сондай-ақ, алдын ала мамандығы бойынша жұмыс қарастырылады. Көшіп келіп құжаттарын дайындаған соң бірінші кезекте жұмысқа орналастырылады, — деді Ұлытау облысының өкілі Айна Абилова.
Ал Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығының басшысы Ж.Ершеев, оқу орнын аяқтаған жастарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы көшіп келіп жұмысқа орналасуына болатынын айтты. Сондай-ақ, жас отбасылар үшін басқа да мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған.
Айта кетейік, Ұлытау облысы жер көлемі бойынша еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Сол себепті онда егіншілікпен айналысуға да мүмкіндік бар.

Пікір жазу