Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Клуб отырыстарында көтерілген мәселелер шешімін табуда

Клуб отырыстарында көтерілген мәселелер шешімін табуда

Қазығұрт ауданында халық пен биліктің арасындағы диалогты нығайтуға арналған «Парасат» пікірталас клубтары жұмыс істеп тұр. Клубтың мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, елдің мұң-мұқтажын, мәселесін жедел шешу.
Пікірталас клубы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында ағымдағы жылдың 18 ақпан күні құрылды. Бұл жұмысты үйлестіруге аудан,ауыл әкімдіктері мен бірлесе жұмыс атқарылуда. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қызу пікір алмасу ешкімді бей-жай қалдырмайды және клуб отырысының әрбір қатысушысының пікірі тыңдалып, назарға алынып жатыр.
Клуб құрамына белсенділер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, БАҚ және түрлі этностардың өкілдері, депутаттар мен жастар енгізілген. Клуб отырыстары – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңы. Онда клуб мүшелері тұрақтылықты сақтай отырып (наразылық акцияларына жеткізбей), проблемалық мәселелерді белсенді талқылайды және олармен пікір алмасады. Аудан әкімі мен орынбасарлары және де мекеме басшылары елдің ұсыныстарын тыңдайды.
Клуб отырыстарында көтерілген мәселелер ретімен шешіліп жатыр. Мысалы, клубтың маусым айында Сарапхана ауылында өткен көшпелі отырысында ауыл ақсақалдары М.Көмекбаев, А.Сманов-Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарабау ауыл округі, Сынтас, Жұмысшы, Қарабау елді мекендеріндегі 732 отбасы 4759 тұрғындары шаруашылықпен айналысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге пай үлестерін осы күнге дейін ала алмай отырғанын, жер үлестері «Қарабау» тәжірибелік өндірістік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (одан әрі – Серіктестік) пайдалануында беріліп кеткенін, осыған байланысты жер телімдерін бастапқы қалпына келтіру, жер телімдерін қайтарып беруді ұсынды.
Нәтижесінде: Қарабау а/о қарасты Сынтас, Қарабау, Жұмысшы елді мекендері тұрғындарының өтінішіне сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Ұлттық аграрлық білім беру орталығы» АҚ-ның «Қарабау ЭТШ» ЖШС-не қарасты жерді халыққа қайтару мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылданды. Аталған мәселе бойынша, ауданымызға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бекбауов Б. мен «Ұлттық аграрлық білім беру орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Балпанов Д. арнайы келіп, үш ауылдың тұрғындарымен кездесті. Кездесудің қорытындысымен, ЖШС-ке қарасты жері үш ауылдың тұрғындарына теңдей бөліп беру үшін, ауданның арнайы жер қорына қайтарылатын болып шешілді.
Сондай-ақ, аталған отырыстың 3 отырысы өткізіліп, «Халыққа қызмет көрсету мәселелері мен мәдениеті туралы», «Жер мәселесі», «Жаңа Қазақстанды құрудағы- Отбасының маңызы» туралы тақырыптағы өзекті мәселелер қозғалады.

Пікір жазу