Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Бүгін Қазығұрт аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде мекемеаралық жиналыс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жиналыста төрағалық еткен Қазығұрт ауданы прокуроры Қ.Базарбаев, қатысқандар Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә.Лесов, Қазығұрт ауданы прокуратура қызметкерлері, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылары, ауыл округі әкімдері мен тиісті сала қызметкерлері.
Жиналыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
1. Жер, мүлік және көлік салықтарының бюджетке өндірілу жағдайы, жеке сот орындаушыларымен мемлекеттік кіріс органдарының салық бұйрықтары бойынша қозғалған атқарушылық өндірістерінің орындалу барысында атқарылған жұмыстары туралы.
2. Қазығұрт ауданы аумағында әкімшілік тәжірибе субъектілерімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігі және осы бағытта заңдылықтың сақталуы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасалып, жан-жақты талқыға түсіп, ұсыныстар айтылып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Пікір жазу