Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының 2022 жылғы 14 қарашадағы бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызы тағайындалды.
Жаңа басшыны облыстық салалық басқарманың бас маманы А.Оспанов және аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев ұжымға таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызы бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданында 1971 жылы дүниеге келген.
Білімі — жоғары. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтының кітапхана тану және библиография факультетінің кітапханашы-библиограф мамандығын, кейіннен 2013 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтынының бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалаврын оқып бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы Сайрам ауданындағы Қарасу ауылындағы «Луч» тігін фабрикасы филиалының тігіншісінен бастаған. 1989-2005 жылдары аудандық орталық кітапханасының кітапханашы, № 83 орта мектебінің ұландар жетекшісі, «Луч» тігін фабрикасы филиалының тігінші, аудандық білім беру бөлімінің кітап қорының әдіскері, №1 май орталау мектебінің кітапханашы, аудандық білім беру бөлімінің кітапхана қорының маманы, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің кітапхана қоры әдіскері болды. 2005-2020 жылдары аралығында аудандық білім беру және спорт бөлімінің бас маманы, аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы, осы бөлімнің әдіскері, мектепке дейінгі және кітапхана бойынша бас маманынан (арнайы тексеруге дейін міндетін атқарушысы) бөлім басшысының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.
2020 жылдың 31 шілдесінен бастап ағымдағы жылдың 14 қарашасына дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысынан кейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

Пікір жазу