Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. Спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады.

Ұстаздар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдатырылып отырған спартакиаданың мақсаты – білім саласы қызметкерлерінің спорттық белсенділігін арттыру, бұқаралақ спортты дамыту.

Жарыс қорытындысында Түркістан қаласының құрама командасы 1-орынға, Сайрам ауданына келген ұстаздар 2-орынға, Сауран ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған жүлдегерлерге медаль мен кубок, мақтау қағазы табысталды. Спорттық бәсеке барысында үздіктер іріктеліп алынып, республикалық спартакиадаға жолдама алады.

Айта кетейік, 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.

Пікір жазу