Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың!» тақырыбында спортсмендермен кездесу өтті

«Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың!» тақырыбында спортсмендермен кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев «2022 жыл Балалар жылы» деп жариялады. «Балалар-мемлекетіміздің болашағының кепілі». Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт барлық тәрбие атаулының бір саласы, қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі болғандықтан, мемлекетімізде спорттың бұқаралық сипатын дамытуға ерекше мән беріледі.
Осыған орай Ақбастау ауылында, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың!» атты аймақтық, аудандық жергілікті спортсмендермен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Кездесуге бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт нұсқаушысы Сәкен Бибосынов және «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қайрат Ерменбеков арнайы келді
Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар, Сәкен Бибосыновқа өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, сұрақ-жауап форматта өткізілді. Оқушылар бокстан әлем чемпионы Бибосынов Сәкен Смадиярұлының спорттағы өмір-жолымен танысып жігерленді.
Іс-шараның соңында мектеп директоры Айнаш Суранчиева «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, оқушылармен тәрбиелік маңызы зор іс-шара өткізгендері үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің оқушыларға пайдасы мол екенін айтып, Сәкен Бибосыновқа қонақ кәде сыйлап, дәстүрге сай шапан жапты.

Пікір жазу