Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ФРИСТАЙЛ СПОРТ ТҮРІ АЛҒАШ РЕТ ТҮЛКІБАСТА

ФРИСТАЙЛ СПОРТ ТҮРІ АЛҒАШ РЕТ ТҮЛКІБАСТА

«Атабұлақ» спорттық туристік жанынан жазғы спорттық трамплин құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Еркін стильдегі спорт түрінің трамплині республика бойынша 6 облыста ғана бар. Аудандар арасында алғаш рет Түлкібаста Пістелі елді-мекенінде салынып жатыр.
-Жалпы, бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені, біздің түскей өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан бұл спорт түрімен шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары да сирек. Дегенмен, Шымкент қаласында орналасқан 8 спорт мектебінде фристайл спорт түрі, Қазақстан
бойынша 6 облыста бұл спорт түрімен шұғылданатын спортшылар бар. Әр мектепте шамамен 120-150 бала осы бағытпен айналысады. Түлкібастың төрінен салынып жатқан трамплиннің аналогы жоқ. Көктемде спортшыларға арнап үлкен спорт зал салынды. Онда барлық құрал жабдықтар қойылған. Жазғы трамплингке қызығушы жастар болса мамандандырылған мектептегі спортшыларды шақырып, ауыл жастарын шақырып алғашқы уақыттарда арнайы жиындар өткізуге мүмкіндік береміз, деді кәсіпкер Тимур Нарымбетов.

Пікір жазу