Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » Түлкібас: Бекзат Саттархановтың анасына құрмет көрсетті

Түлкібас: Бекзат Саттархановтың анасына құрмет көрсетті

Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың батыры, марқұм Бекзат Саттархановтың анасына құрмет көрсетті.
Түлкібас ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Сейфуллаев чемпионның анасы Сырлыкүл Саттархановаға құрмет көрсетті.
Қазақстандық боксшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней олимпиадасының чемпионы, «Барыс» орденінің бірінші иегері Бекзат Сейілханұлы 20 жасына дейін осыншама жетістіктерге жетіп, көк байрағын сүйіп, ел мерейін асырып еді. Маңдайға бітіп, жарқырап барып ерте сөнген батыр ұлдың анасы қандай құрметке болсын лайық-ақ.
Жалпы, Бекзат Саттарханов өмірінің соңына дейін былғары қолғап киіп шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен болатын.
Қазақтың қайсар ұлын туып, нар тұлға етіп тәрбиелеген анасына бөлім басшысы арнайы сыйлық тарту етіп, жүрекжарды жылы лебізін арнап қайтты.

Пікір жазу