Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАС: «KitapTime — 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: «KitapTime — 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана бастамасымен дәстүрге айналған «KitapTime – 2023» ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі республиканың көпшілік кітапханаларында өтуде. Осы «KitapTime — 2023» кітап фестивалі Түлкібас аудандық орталық кітапханасында да ұйымдастырылып көпшілік назарын аударды.
Кітап фестивалінде Түлкібас аудандық ОКЖ- нің директоры Кенжебаева Қамар Мекембайқызы мерекеге игі тілектерін білдіріп, мерекелік іс-шараны ашып берді.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем», «Ұлтына ұлағат қалдырған тұлғалар» атты кітап көрмелері және «KitapTime-2023» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Аудандық «Дана» кітап дүкенінен келген кітаптардан кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
«Библио қоржын» жобасы аясымен «Өлкенің танымал тұлғалары» атты оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында қысқаша мазмұнды парақшалар таратылды.
Мемлекет қызметкерлерін кітапқа баулу мақсатында халықтық кеңсе ғимаратында «Жаңа әдебиет Сізге, асығыңыз бізге!» атты жаңа әдебиеттермен таныстырылымы өтіп, оқырмандар кітаптар жаздырып алды.
Балықты ауылдық кітапханасында «Ақжелкен» сахналық қойылым жобасы аясымен «Ең қымбат байлық» ертегісінен қуыршақтармен қойылым қойылды.
Тастұмсық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұлпарларды түлеткен туған жерім» атты өлке қаламгерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешінің қонақтары – Керімқұлов Әбілдәбек, Келімбетов Тұрысбек пен Гүлнарай Сатымбекқызы жәнеБақытжан Байжұма болды.
Балдырған журналына 65 жыл толуына орай Құлан ауылдық кітапханасында «Берері мол, тағылымы көп» шолу сағаты өткізілді. Балдырған журналындағы әр-бір айдар тақырыбына орай сахналық қойылымдар қойылып, өлеңдер мен әңгімелері оқылды. Сөз жұмбақтар жасырылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ал аудандық кітапхананың оқу залында Ұстаз, Сәлімбай Ахметовтың құрметіне «Елі сүйіп, үлгі тұтқан ұстаз» атты тұлғалық кеш өткізілді. Іс-шараға ақын, Халық ағарту ісінің үздігі Балтабай Есімбекұлы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері оқырманы Таңатбаев Сауранбек Жаңқашұлы және Сәлімбай Ахметовтың ұлы Ахметов Бауыржан Сәлімбайұлы қатысты.

Пікір жазу