Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов Қазығұрт ауданына іссапармен келді

ҚР АҚДМ вице-министрі Евгений Кочетов Қазығұрт ауданына іссапармен келді

Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Қазығұрт аудандық жастар ресурстық орталығына арнайы келіп, аудан жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша өтіп жатқан «Ашық есік» күні акциясына оң бағасын беріп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізіліп отыру керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында орталықтың жанынан жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған үйірмелер жұмысымен танысты. Оның ішінде, қазіргі таңда жастар арасында сұранысқа ие пікірсайыс қозғалысын әрбір өңірлерде дамыту қажет екендігін сөз етті.
Вице-министр Евгений Кочетов өңір жастарына арналған әлеуметтік, салалық кездесулер өткізді. Өңір жастарымен жүздесу барысында Евгений Кочетов министрліктің жастар, ақпараттық саясат саласында жүргізіп отырған жұмыстары жөнінде, жастар саясатын дамыту жоспары бағыттары туралы өз ойымен бөлісті.
Алдағы уақытта жастар саясаты саласы бойынша талантты жастарды, оның ішінде түрлі гранттық жобаларды қолдау жөніндегі шаралар жалғасын табатындығын, жастар ресурстық орталықтарының базасында жастарды қолдау, олардың әлеуметтенуі мен жеке дамуы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін атап өтті.

Пікір жазу