Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округі, Айнатас елді мекенінде жүргізіліп жатқан 20 шақырымға жуық ауыз су құбырлары желісінің құрылысы толық аяқталып, су беру станциясы толық іске қосылды. Ендігі жерде 133 абонент, яғни, 700-ден астам ауыл тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Ауыз су станциясының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы арнайы барып, лента қию рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарын бүгінгі қуанышымен құттықтады.