Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАРАСУДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ БАҚЫЛАДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАРАСУДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ БАҚЫЛАДЫ

Сайрам ауданының басшысы Арман Сәбитов жауапты тұлғалармен бірге Қарасу ауылдық округіндегі бүгінде жүзеге асып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Қарасу ауылына қарасты 106, 2 га құрайтын Жаңақұрылыс аумағында жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесі бойынша инженерлік-коммуникациялық желілердің жұмыс барысымен танысты.
Аралау барысында мердігер мекеме өкілдеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтты. Алдағы уақытта анықталған кемшіліктерді қалпына келтіріп, аталған нысандарды жұрт игілігіне сапалы және уақытында тиянақты тапсыруды жүктеді.
Сондай-ақ, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтуға қатысты ұсыныс-мәселелерді тиісті мамандармен бірге талқылады.
Бұдан соң, Қарасу ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Мердігерлермен тілдесіп, аталған нысанды халық игілігіне сапалы және мерзімінде тиянақты аяқтауды тапсырды.

Пікір жазу