Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАР ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАР ТЕГІН ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ

Облыс орталығында Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ұйымдастыруымен жүйелі түрде таңғы жаттығу сағаты өткізілуде. Шаһардағы 6 сектордың ашық алаңдарында өткізілетін шараға бұған дейін 300-ге тарта тұрғын қатысқан.
Спорт клубының директоры Нұрланәлі Сыздықовтың айтуынша, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткен түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мектеп оқушылары үшін клубта тегін спорттық үйірмелер, атап айтқанда, шахмат, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, стритбол сынды спорт түрлері бар.
Айта кетейік, аталған үйірмелерге қатысу тегін. Онда 6-16 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Байланыс нөмірлері: +7 776 991 1191, +7 707 222 1710.

Пікір жазу