Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді

«Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді

Екі айдан бері елімізде поэзияны қолдауға бағытталған республикалық «Мөлдір өлең» ұлттық жобасы өтіп келеді.
Осы жобаға Оңтүстіктің намысын қорғап қатысқан ақын қыздарымыз алғашқы кезеңнен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финал 19 тамыз күні Шымкентте өтеді.
Бұл жолы олар Ақтөбенің кіл мықты ақындарымен сынға түспек.
Қазақ: «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз» дейді.
Ендеше, қарындастарымызды бірге қолдайық!
19 тамыз күні дауыс беріп, ел болып демеу көрсетейік. Бұл – тек бірнеше ақынның ғана емес, Оңтүстік өлкесінің мерейі мен абыройы.
Ақынын ардақтайтын ел екенімізді тағы бір мәрте дәлелдейік, ағайын!
Дауыс беру сілтемесі сол күні жоба авторы Мөлдір Айтбайдың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу