Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлеби ауданында 448 оқушы грант иегері

Төлеби ауданында 448 оқушы грант иегері

Түркістан облысы, Төлеби ауданында 448 оқушы грант иегері атанған. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты 67 мектеп, оның 52 жалпы орта, 6 негізгі, 9 бастауыш мектеп. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен Ұлттық бірыңғай тестке 50 мектептен 830 түлек қатысқанып, аудан көрсеткіші 80.4 орта балды (өткен жылмен салыстырғанда 5,1 балға жоғары) құрады. Тестілеуде ең жоғарғы балл – 136 (өткен жылы 126 балл), шектік деңгейден өте алмағандар саны – 82 (өткен жылы 82) оқушы.
Сонымен қатар, қазақстандық жоғарғы оқу орындарына — 356, әскери жоғары оқу орындарына — 16, «Серпін» бағдарламасы бойынша және жоғарғы оқу орындарының ішкі гранттарына — 54, шет елге оқуға түскендер — 22 түлек, жалпы 448 мектеп бітірушілер грант иегері атанып отыр.
Айта кетерлігі, биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер негізінен радиотехникалық, педагогикалық және әскери оқу орнын таңдап отыр.

Пікір жазу