Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНҒА БІРҚАТАР БАСҚАРМАЛАР КӨШІП КЕЛДІ

ТҮРКІСТАНҒА БІРҚАТАР БАСҚАРМАЛАР КӨШІП КЕЛДІ

Түркістан қаласына бірқатар басқармалар көшіп келді, деп хабарлайды Didarbek.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Түркістан қаласында болып, көшіп баратын облыстық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын аралап көрді. Ондағы дайындығымен танысқан аймақ басшысы, көшу шараларын ширатуды тапсырды.

Облыс әкімі іссапары барысында нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен аралап көріп, жеделдетіп аяқтау керектігін айтты.

Жалпы Түркістан қаласына 1203 штаттық бірлігі бар 27 жергілікті атқарушы орган көшіріледі. Бүгінде облыстық басқармалардың басым бөлігі көшіп барып, жұмысқа кірісіп кеткен. Кеңсені жалға алу, пәтерді жалға алу, жалақыға үстеме, ғимарат жөндеуге Үкімет резервінен тиісті қаржы қаралған.

Қазіргі таңда 13 аумақтық органның өкілдері Түркістан қаласында халыққа қызмет көрсетуде.

Барлық мемлекеттік органдарды көшіру бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік органдардың толыққанды жұмыс істеуі үшін тиісті коммуникациялық және байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үйді қажет ететін мемлекеттік қызметкерлерге жатақханадан 700-ге жуық орын әзірленген.

Айта кетейік, бұдан былай Түркістан қаласына көшіп барған мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 30 күнге қосымша экологиялық күнтізбелік 7 күн мерзімінде сауықтыру демалысы берілетін болады. Сонымен қатар, жыл сайын сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне бір айлық көрсеткіш көлемінде материалдық көмек беріледі. Осылайша мемқызметкер еңбек демалысы кезінде жалпы 3 материалдық айлық ақы алатын болады.

Ал, әкімшілік мамандарының баспананы жалдау мәселесі республикалық бюджет есебінен шешімін тауып, тиісті қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, келісім шарт негізде еңбек ететін барлық қызметкерлер де жатақханалармен қамтылады.

 

Пікір жазу