Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Б.САҒЫНТАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — 3

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Б.САҒЫНТАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ — 3

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Түркістан облысына жұмыс сапарында өткен жиында облыс бюджеті де назардан тыс қалған жоқ.
Бюджетке келер болсақ, 2018–2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жоспарланған көлемі қайта қаралып, бекітілді. Осы жылдағы облыстық бюджет 621,6 млрд теңгені құрады, ал Шымкенттің бюджетін бөлгеннен кейін облыстық бюджет 552,5 млрд теңгеге бағаланды. Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне Шымкент қаласының алдағы екі жылдың шығындарын жабуға өтінім берілді. Шымкентте орналасқан облыстық нысандарды (167 өңірлік мекеме) қалалық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде. Қала теңгеріміне 29,5 млрд тг активімен 55 кәсіпорын берілді.

Ж. Түймебаев облысты және Түркістанды дамыту туралы баяндай отырып, бірінші кезекті шаралар анықталғанын, Түркістан облысын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың бас жоспарының жобасы әзірленгенін айтты. Кешенді жоспар 188 шарадан тұрады. Бес жыл ішіндегі қажетті қаражат көлемі — 1,3 трлн тг.

«Туристерді тартатын басты орталық – Х. А. Яссауи кесенесі Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Біз министрлікпен бірлесіп Түркия тәжірибесі бойынша кесене маңынан туристік орын құру мақсатында кәсіпорын құруды жоспарлар отырмыз», — деп әкім, Түркістанның жоғары туристік әлеуетін атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде қалаға миллионнан астам турист келді.

Пікір жазу