Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — 2

САҒЫНТАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ШЫМКЕНТТЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — 2

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында мемлекеттік органдарды көшіру барысымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының Оңтүстік Қазақ облысы атауымен 10.03.1932 жылы негізі қаланды, кейін 1936 жылы атауы Оңтүстік Қазақстан облысы деп өзгертілді. 03.05.1962 жылдан бастап 06.06.1992 жыл аралығында Шымкент облысы деп аталды, 1992 жылы бұрынғы атауы беріліп, Оңтүстік Қазақстан облысы деп қайта аталды. 19.06.2018 жылы Президент Жарлығымен облыс Түркістан облысы деп аталып, әкімшілік орталығы Түркістан қаласына ауыстырылды; Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесі берілгеннен кейін облыстар құрамынан шығарылды. Облыс ауданы 116 280 км² (ел аумағының 4,3%). Солтүстік және оңтүстік учаскелері арасындағы алшақтық — 600 шақырым.

Облыстың өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемі қаңтар–шілде айларында 250,7 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар — 118,5 млрд теңге, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 5,1% артық.

Мектеп-интернат ғимаратында 10 аумақтық орган орналасқан, бұл  — «Департаменттер үйі». Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Нүкенов өңірде білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылып жатқанын жеткізді. Биыл республикалық бюджет есебінен 4,4 млрд теңге сомасына 16 білім беру нысанының құрылысын жүргізу, сондай-ақ, жатақханалар құрылысы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен колледждерді жарақтандыру шаралары қарастырылған.

Бұдан өзге, сегіз жергілікті атқарушы органдар көшірілген бұрынғы «Әмина» клиникасының ғимараттары және бес мемлекеттік органға арналған «Версаль» ойын-сауық кешені тексерілді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Садыр өңірде барлығы 96 емдеу және 263 амбулаторлық-емханалық ұйымдары медициналық көмек көрсететінін айтты. Сондай-ақ, жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр: «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы бойынша үш нысан дайын, «350 дәрігер амбулаториясы, фельдшерлік-акушерлік пунктілер және емханалар» жобасы бойынша 4,8 млрд тг сомасына 57 нысан салынды.

Пікір жазу