Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық аенттігі Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынның күн тәртібінде аудан бойынша 2018 -2019 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысы мен қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Басқосуда сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Жиында тиісті сала басшыларына жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде сұраған аудан басшысы көрсетілген мерзім ішінде әлеуметтік нысандардың қазандықтары, қатты отын мен көмірлері сақадай сай болуын және көп қабатты тұрғын үйлердегі атқарылу керек жұмыстарды әлі де жандандыру қажеттігін айтып, оны сала басшыларына өз бақылауларына алуды тапсырды. Мұнан бөлек аудан басшысы әр ауыл округ әкімдеріне тұрғындар арасында көмір мен қатты отынды арзан бағада ертерек алу бойынша түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді жүктеді.
Жиынды қортындылаған аудан басшысы әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердегі тұрғындарды хабарландыру жұмыстарын ширату керектігін, себебі бір пәтердің жылу жүйесіндегі ақаулық бүкіл үй тұрғындардың жағдайына әсере ететінін айтты. Сондай-ақ, қозғалған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыстардың орындалу барысын қадағалауды және орындалуы бойынша баяндауда тиісті орынбасарларына тапсырды.