Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Парламент Мәжілісінің депутаты Бәйдібек ауданында болды

Парламент Мәжілісінің депутаты Бәйдібек ауданында болды

Қазақстан Републикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралауда.

Бүгін Қазақстан Републикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Берік Серікұлы Оспанов Бәйдібек ауданында болды.

Мәжіліс депутаты Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауыл әкімдігі Мәдениет елді мекенінде ауылшаруашылығы саласы бойынша нысандарды аралап, жергілікті тұрғындардың мұң — мұқтажын тыңдап қабылдау өткізді.

Кездесуге Бәйдібек ауданы әкімі орынбасары Айкен Мәкенұлы Темір, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төраға бірінші орынбасары Тұрсынәлі Қырғызәліұлы Дүйсенбеков, аудандық БАҚ өкілі «Алғабас» газетінің бас редакторы Абзал Әлішерұлы Әділбеков, аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ғалым Құрасұлы Сембеков, Мыңбұлақ ауылы округінің әкімі Төлеген Дәрменбаев елді мекендерді аралап ауыл тұрғындарының хал жағдайымен және тыныс тіршілігімен танысты.Қабылдауда өзекті бес мәселені қарады. Ауыл тұрғындарының күн көрісі ауылшаруашылығында болғандықтан шағын несие алу, ауылдың электр бағаналарына жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқада ұсыныстар айтылды.

Пікір жазу