Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Бұл туралы didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Б.З.Мұсабеков жүргізіп отырған басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, департамент пен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне бірқатар мәселелер қойылды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18/209-VI «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу, «Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту, «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің жарғысына өзгеріс енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселелер облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде қаралды.

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу