Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың төрағалығымен «Отбасы банк» арқылы баспанамен қамту бағытын түсіндіру аясында жиын өтті. Кездесуге қатысқан банк қызметкерлері Нұрсұлтан Қалдарбеков, Айдос Рахманқұлов банк арқылы тұрғын үйге қол жеткізу жолдарын түсіндірді. «Отбасы банк» АҚ «САУРАН» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге конкурс жарияланғанын, оған өтініштер қабылданып жатқанын әңгімеледі. Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге өтініштер ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ӨМІРІ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ – ҰСТАЗ
Өнегелі отбасын құрып, еліне адал ұрпақ тәрбиелеу көпшіліктің ең ізгі арманы екені белгілі. Ал армандағы отбасын құру және сақтау үшін отбасылық құндылықтардың маңызы зор. Әрбір отбасының өз құндылығы болады. Оны кез келген тұлға өзінің рухани, мәдени, ішкі дүниетаным деңгейіне қарай түсініп қабылдайды. Соңғы кезде құндылықтардың құлдырап бара жатқанынан жастардың ажырасуы, сүр бойдақтардың көбеюі сияқты т.б. түрлі жәйттардың көбейгеніне куә болып ...
Толығырақ »БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», – демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі ...
Толығырақ »ҰСТАЗ – АНАҢДАЙ ҰЛЫ
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»-деп Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай ұстаз болу кез-келген жанның қолынан келе бермейтін, еңбекқорлықпен, төзімділікті талап ететін маңызды мамандық. Мұғалім шәкіртіне білім беріп, санасын оятып, келешегіне жарқын жол ашып, сонымен қатар ата-анасындай сырласып, тәрбие үйрете білетін өмір жолындағы ең маңызды жандардың бірі. Әр оқушының пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға ...
Толығырақ »ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ
Мамандық айналамызда жетерлік, бірақ кез келген маманды маман қылатын да ұстаз. Ол кісілердің еңбегін бағалап, өздерін сыйлап, құрмет тұту әр шәкірттің міндеті. Себебі, ұстаздық оңай мамандық емес. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» дегендей ұстаздың міндеті ауыр, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға ...
Толығырақ »ҰСТАЗҒА – ҰЛЫ ҚҰРМЕТ!
Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес пе. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ...
Толығырақ »ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА, ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСПЕН!
Түркістан қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжауһар Ерденова Жетпісбайқызы. Гүлжауһар апай 1971 жылдың 25 қаңтарында Түркістан қаласында дүниеге келген. №1 Абай атындағы орта мектепті бітіріп, 1992-1996 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығының үздік дипломын алған. Еңбек жолын 1996 жылдың тамыз айында ...
Толығырақ »Тіл – ұлттық ой-сананың өзіндік құралы
Тіл – ұлттық ой-сананың өзіндік құралы. Оның түсінуінше, тіл – әлемнің тікелей айнасы ғана емес, сонымен қатар адамның тіл арқылы әлемді түсінуі. Ахметтің еңбегін неге «Тіл – құрал» деп атағанын Гумбольдт еңбектерін зерделеу барысында терең түсіне бастағандаймыз. Ия, тіл – адам баласының ішкі қуатын дамытатын құрал. Әртүрлі тілдерде түрлі дүниетанымдар көрініс табады. Оларда бір заттың әртүрлі атауы ғана кездеспей, керісінше, ...
Толығырақ »Ұлт ұстазы және әлемдік тіл білімі
Әлемдік тіл ғылымының ғылым ретінде қалыптасып дамуы талай жүз жылдықтарды қамтиды. Оның әрбір кезеңінде тіл білімінің әр алуан мәселелері шешілді, тіл теориясының әрқилы сұрақтары әртүрлі тілдердің деректері бойынша шешімін тапты. Әлемдік тіл білімінің негізгі теориялық қисындарын табу мен танудың тұжырымды жауаптары атақты Әл-Фараби зерттеулерінде философиялық тұрғыдан талданды. Әлемге белгілі ұлы ғалым, екінші ұстаз трактаттарында тіл білімінің басты қағидалары мен тіл ...
Толығырақ »ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ
Өтеева Сара Абдрахманқызы 2000 жылдан бері Кентау қаласының «Ю. Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еңбек етіп келеді. Ұстаз! Осынау қастерлі де қасиетті атқа лайық мамандар көп болса, Қазақ елінің болашағы жарқын. Тек, ұлтым деген ұстаздар шәкірт санасына білім мен тәрбиенің нәрін құйса ғана келешегіміз кемел. Иә, кәсіби білікті, нағыз ұлтжанды ұстаздар ғана намысшыл ұрпақ, білімді оқушы тәрбиелесе, ол ...
Толығырақ »Cаналы ұрпақ – кемел болашағымыз
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту, өмірде оны қолдана білуге дағдыландыру – ұстаздың басты міндеті. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Білімнің қайнар көзі балабақшадан басталады. Мектепке дейінгі шақ – бала өміріндегі ең маңызды кезең. Бұл кезде баланың бойындағы табиғи дарыны жан-жақты ...
Толығырақ »ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласының оқушылары жыл бойы өткен білім сайыстары бойынша 2022-2023 оқу жылын толағай табыстармен аяқтады. Оқушыларымыз түрлі облыстық, республикалық білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 15 оқушы жүлдегер атанса, оның ішінде 2 оқушы Республикалық олимпиадада да І және ІІІ орындарды жеңіп алды. Сондай-ақ, 7-8 сынып оқушыларының облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 6 оқушы, 9-11 ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Түркаістан қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен қаламыздағы Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні бойынша «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін интерактивті сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбы аясында қалалық тәжірибелік семинары өткізілді. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің математика пән мұғалімдері қатысқан тәжірибелік семинар мектеп мұғалімдері дайындаған көрмені тамашалаумен басталып, ...
Толығырақ »Оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті «Төрт тоқсанға — төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Туған жерім мақтанышым. Білім- тұмарым» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы болып өтті. Айтыс мақсаты: ...
Толығырақ »Есепте тұрған азаматтармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу жұмыстары
Төлеби ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация және жергілікті полиция қызметінде есепте тұрған тұлғалармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу және әлеуметтендіру бағытының құқықтық көмек, қоғамдық қатынастарға бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында Төлеби аудандық Мансап орталығының мамандары мен бөлім басшылары жұмыспен қамту мәселесі, мемлекеттік грант бөлуге байланысты жеңілдіктер және атаулы әлеуметтік көмек жайында сұрақтарға жауап беріп, бағдарламалар шеңберінде түсіндірме жасап өтті. Сондай-ақ ...
Толығырақ »МҮГЕДЕКТІК КӘСІП БАСТАУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС
Өзгелерден ерекше болып туылған Алшер Гулсапар Сатбайқызы Төлеби ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Гулсапар || топ мүгедегі, тағдырдың ауыр сынына мойымай «Бастау бизнес» жобасынан мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алған. 2023 жылдың басында жұмыссыз ретінде тіркеліп, оқып сертификат алған. Ағымдағы жылдың 1 легінде комиссия отырысында «Балаларға арналған бояғыш шығармашылық тауарлар» атты жобасын ұсынып, жеңіске жетіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда жеке ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН КЕҢЕЙТУДЕ
Түркістан облысы, Төлеби ауданында тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын іске қосуда. Мәселен, Бейнеткеш елді мекенінің тұрғыны Қали Тажикулов «Ырыс» МКҰ-нан жеңілдетілген 6,5%-бен несие алып, жылқы санын көбейтіп отыр. Ауылдағы тұрғын үй ауласынан жылқы өсіруге қажетті қора, жем-шөпті дайындаған жеке кәсіпкер қаржы ұйымы арқылы 27 млн. теңгеге 54 бас жылқы малын алып, бордақылаумен айналысып жүр. Бие сауып, ...
Толығырақ »ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНДА БАЛМҰЗДАҚ ЖАСАП ҚОНАҚТАРДЫ ТАҢҚАЛДЫРДЫ
Ордабасы ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің математика және физика пәнінің әдіскері С.Реңдібаеваның ұйымдастыруымен С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінде математика және физика пәнін басымдылыққа алып биология, химия, информатика пәндерімен интеграцияланған «STEM/ЅТЕАМ тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін, өнертапқыш шешімдері мен зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету, «STEM/ЅТЕАМ» тәсілдерін қолдана ...
Толығырақ »«БЕСТЕРЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1300 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «БЕСТЕРЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1300 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТЕДІ «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығымен биылғы жылдың соңына дейін «Бестерек» жобасы аясында 1300 педагог-психолог «Когнитивті мінез-құлық психотерапиясының негіздері» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтеді. Мақсаты — тәуекел топтағы оқушыларға жаңа тәсілде психологиялық көмек көрсетуді үйрету. Қазіргі таңда когнитивті ...
Толығырақ »ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ
«Ұстаз» десе, тек шәкірттерге ғана білім беретін мамандарды елестететініміз жасырын емес. Негізі ұстаз – әр салада, әр жас маманға қажет. Ең алғаш мектеп табалдырығын ұстаз болып аттаған кезімде, бар білгенін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отыратын аға ұстаз әріптесім – Рая Жұмаханқызы Пірімбетова болатын. Жарасымды әзіл-қалжыңымен, айналасын дәмді әңгімесімен үйіріп әкететін Рая апай, сабақ барысында оқушылары ұйып тыңдайтын. Балаларға қызықты, ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСҚА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ Түркістан облысының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Менің кіші Отаным» атты облыстық интеллектуалдық конкурста Төлеби ауданындағы Нысанбек жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Анартай (жетекшісі Динара Теңгебаева) «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша І ...
Толығырақ »ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫ ҮЙРЕТІЛДІ Түркістан облысы білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығының» 20.09.2023ж. №190 бұйрығы негізінде, «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жүргізу шеңберінде, «Халықаралық зерттеулерде қарастырылатын әлеуметтік және эмоционалды дағдылардың сипаттамасы» тақырыбында таяуда Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Сауран» жалпы ...
Толығырақ »Бар қажыр-қайратын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз
Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін білім саласына, ұрпақ тәрбиесіне арнаған Мырзахмет Сарманов есімі ел тарихында қалатын асыл тұлғалардың қатарында. Білікті басшы, білгір ұйымдастырушы, көрнекті ұстаз болған оның есімі бүкіл түркістандықтарға белгілі болды десек те болады. Ұстаздық еңбек жолында Мырзахмет Сармановтың атқарған істері ұшан-теңіз. Ол басқарған, қызмет жасаған мектептің жұлдызы әрдайым жарқырап жанып, тәрбиелеген шәкірттері биік белестерді бағындырып көптеген жетістіктерге жетті. Өйткені, ол ...
Толығырақ »ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА…
Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы жалпы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қатира Шалаевамен ұстаздық жол, қоғамдағы мұғалім беделі, оқушының әлемі туралы сыр-сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Қатира Шалаева 1988 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, кейін жоғары біліктілік алған тәжірибелі ұстаз. Оқушылары Республикалық, Ұлттық зияткерлік олимпиадаларының жүлделерін иеленген үздік балалар. Қала деңгейіндегі семинарларда ...
Толығырақ »ДАРЫНДЫ ҰСТАЗ, ДАРА БОЛМЫС
Біздің тілге тиек еткелі отырған кейіпкеріміз ерекше жан – ұстаз әрі ана. Енді бір сөзбен айтқанда мейірімі жан-жағына өз шуағын төккен Гүлжан Әсілбайқызы туралы. Әр адамның дара болмысы балалық шақтан басталары анық. Онда ұлы армандар бүр жарып, не бір тәрбиенің құшағында балқып, рухани тұрғыдан түлеуде қабаттаса басталмақ. Осы бір ерекше кейіпкеріміз арыстанды қарабастың желі ел арасында аңызға айналған Ордабасы ауданы, ...
Толығырақ »