Бүгін Шымкентте қоғам қайраткері М.Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті.
Еңбекші ауданы әкімдігі және Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен өткен турнирге аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталған спорттық турнирдің ашылу салтанатында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің директоры Ерзат Өтепбергенов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Футбол жарысы колледж студенттерін отансүйгіштікке, бірлікке, ортада өз ойымен бөлісуге, бір-біріне деген мейрімділікпен сыйластықты арыттыруға баулиды. Сондықтан ауа-райының қолайсыздығына қарамай турниге атсалысып отырған ұйымдастырушыларға, оқушыларға алғыс білдіремін.Ойыншыларға сәттілік. Мықтылар жеңіске жетсін!—деді Д.Амангелдиев.
Айта кетейік, спорттық турнирге іріктеуден өткен 12 команда қатысты. Жеңімпаздар жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға көбейеді. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджет есебінен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен қамтамасыз етіледі», — деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. Бүгінде ТжКБ-ді мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.
Айта кетейік, жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. Тапсырыс беруші кәсіпорындарға практика ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелер беріледі.