Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН ТАПТЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН ТАПТЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 11 человек и текст
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласқан болатын. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтеншеліктер, әкімдік өкілдері, құтқарушылар, еріктілер және бей-жай қарамайтын барлық тұрғындар жұмылдырылды.
Возможно, это изображение 4 человека, карта и текст
Тәртіп сақшылары қыздың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, іздеу іс-шараларына қатысқандардың барлығына алғыстарын білдіреді.
© Didarbek.kz 

Пікір жазу