Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Төлеби: «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Төлеби: «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр.
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты іс шара Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агро-экономикалық колледжінде өтті. Іс шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Құдайбергенов ашып беріп, аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы И.Марин, ауданымыздың теологы, дінтанушы маманы Ж.Битанов, Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімібас маманы М.Бақтиярұлы, Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Ештаев және Сайрам ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының инстпекторлары Ш.Саипов, Б.Ақбердінің қатысуымен өтті. Дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға талдау жасалып, барынша діни сауаттылықты арттыруға шақырды. Діни экстремизммен күреспес бұрын, оның алдын алудың маңызды екенін айта кеткен жөн. Себебі, діни экстремистік топтардың идеологиясымен теріс жолға түскен адамдардың санасын қайтадан қалпына келтіруге көп күш жұмсалады және көп ретте бұл жұмыстардың нәтижесі өте қиын болады. Осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін не істеу қажет деген сұрақтың жауабын оқушылармен біріге отырып, талқылады. Студенттер тақырып аясында пікірлерін де ортаға салды.
Бүгінгі өткізілген іс шарадан колледж студент жастары дін, әдет — ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алды деп ойлаймыз.

Пікір жазу