Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СҮЙІНШІ: ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

СҮЙІНШІ: ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Қызылқия ауыл округі тұрғындары үшін ерекше қуанышқа толы болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олай дейтініміз, ауыл округінің орталығында орналасқан ескі футбол алаңы меценат жерлесіміз Жармахан Тұяқбаевтың демеушілігімен қайта жаңартылып, 65 млн теңгеге табиғи көгал төселіп, жүгіру алаңдары мен көрермендерге арналған аймақ, футбол алаңының аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді.
Возможно, это изображение 7 человек и текст «የ፡ 7 CT»
Алдағы уақытта Жармахан Айтбайұлы әлі де 135 млн теңге демеушілік жасап арнайы киіну, жуыну бөлмелері мен басқа да заманға сай жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын тұрғындарға жеткізді.
Бұл қуаныштың құрметіне арнайы ашылу салтанаты ұйымдастырылып, аудан әкімі Азизхан Исмаилов, меценат Жармахан Тұяқбаев қатысты. Жиын барысында мәртебелі тұлғалар құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін өткізді. Салтанатты шара жасөспірімдер арасындағы аудандық турнирге жалғасып, 13 ауыл округтен келген жас футболшылар өзара сайысқа түсті.
Возможно, это изображение 9 человек и текст
Футбол әлемдегі ең көрермендері көп және орны ерекше спорт түрі. Қазығұрт ауданында спорттың осы түріне қызығатын жастар мен тұрғындар саны жыл санап артып келеді. Тіпті, арнайы футбол мектебі жұмыс жасайды. Онда мыңға таяу ауданымыздың жас футболшылары шынығып тәрбиеленуде.
Возможно, это изображение 17 человек, люди играют в футбол, люди играют в футбол и текст
Айта кетейік, Қазығұрт ауданының футболдан жетістіктері де жетерлік. Мысалы, былтыр ауданның кіші футболдан ересектер құрама командасы Әзірбайжан Республикасында өткен халықаралық турнирде 3 орынды, республикалық чемпионатта ІІ-орынды, облыстық турнирлерде бірнеше рет І-орынды иемденіп ел мәртебесін асқақтатты. Биылғы жылы да осындай жетістіктерді жалғастырып, жақында көршілес Өзбекстан Республикасында өткен қазақ, өзбек, қырғыз елдері арасында өткізілген барлығы 12 команда қатысқан турнирде 2 орын иемденіп көк байрақты тағы да биікке көтерді. Сондай-ақ, спорттың бұл түрін қолдау бағытында былтырғы жылы жалпы саны 3 алаңша қолданысқа берілсе, бүгінгі ашылып отырған футбол алаңшасы биылдыққа үшінші нысан болды.
© Didarbek.kz

Пікір жазу