Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы дүниеге үш ұл баланы әкелді.
Жүктіліктің 31 — аптасында дүниеге келген үшемдердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грамм болып туылды.
Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп баптаған. Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.
Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған. Сонымен қатар, Шымкентте денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынды. Бүгінде денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.

Пікір жазу