Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік тағы бір оқушы алтын алқа иеленген болатын. Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев — Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтқан еді. Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап шыққан болатын. Оқу мен спортты серік еткен, отбасындағы бес перзенттің үлкені, Шәкіртіміз ендігі кезекте Әлемді мойындатуына тілектеспіз!
ШЫМКЕНТ: ЖАС ЧЕМПИОНЫМЫЗ ТАҒЫ ТҰҒЫР БИІГІНЕН КӨРІНДІ
Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды.
2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген.
Спортшы шәкіртіміз Шахужахон Эшмуратов Қырғызстан елінде өткен кикбоксингтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі I орын иеленіп, Азия_чемпионы атанған. Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен!
Эшмуратов Шохужахан 2023ж. 23-29 қазан арасында Тараз қаласында өткен, Кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасында Қазыбек Тауасарұлы атындағы халықаралық турнирдің жүлделі I орын иеленген болатын.