Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі дала жұмыстарына қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының шарттарын түсіндіру бойынша жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалы директорының орынбасары Мүйтембаев Азат Мақсатұлы түсіндіру жұмысын жүргізді.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы фермерлер мен корпорацияның қызметіне оң әсер еткен, сондай-ақ болашақта дамуға тың серпін берген бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырды.
Корпорацияның ауқымды жұмысы жеті бағыт бойынша жүргізілді: қаржыландыру көлемін ұлғайту, цифрландыру, жастарға микрокредит беру бағдарламасын іске асыру, қолайсыз ауа райы жағдайларына тап болған фермерлерді қолдау, сондай-ақ қаржыландыру шарттарын, ішкі процестер мен корпоративтік мәдениетті жетілдіру.
Азат Мақсатұлы 2024 жылы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге 1.5 млрд теңгеге дейін несие берілетіндігін, шаруалардың кепілдікке қоятын жылжымайтын мүліктерін бағалау тәсілі өзгергендігін айтты.
Сұрақ – жауап форматындағы кездесу барысында шаруалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. «Қаржыландыру шарттары аясында корпорация алғаш рет фермерлер үшін қолайлы бағаларды қалыптастыру мақсатында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру көлемін екі есеге арттыра отырып, орта мерзімді негізге ауыстырды», деді сөзінде Азат Мақсатұлы.
Жиын барысында шаруаларға несие рәсімдеу жолдарын түсіндіріп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Пікір жазу