Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған. Биыл тағы 64, келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды. Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ОТАНДЫҚ ӨНІМ — БЕРЕКЕЛІ ӨНДІРІС
Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді. Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бұдан кейін аудан басшысы «Қайып ата» ЖШС-ның мал сою бекетінің, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан ...
Толығырақ »534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН
2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...
Толығырақ »ГҮЛДЕР ЖАҚЫН ӨҢІРЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛУДЕ
«Ханжук» шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл. Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді. Жылыжайдағы әр гүлді жеке стақанда өндіріп, сәуір, мамыр айларында сатылымға шығаратын кәсіпкер шаруашылығын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап көрді. «Ханжук» шаруа қожалығы өндірген гүлдер еліміздің астанасы Нұрсұлтан қаласынан бастап, Өскемен ...
Толығырақ »8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...
Толығырақ »ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...
Толығырақ »БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...
Толығырақ »КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ
Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, иманы жолдас болсын! Мұқан Кеңесбекұлы өз қызметін абыроймен атқарып, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы өзі қызмет еткен денсаулық саласының заман талабына сай дамуына көп еңбек сіңірді. Артында қалған туған-туыстарына сабырлық, денсаулық тілейміз! © DIDARBEK.kz
Толығырақ »ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ
Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
Құрметті түркістандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ынтымақ, бірлігін нығайтуда өте ауқымды жұмыстар атқарып, бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырды. Соның бірі — Елбасы ...
Толығырақ »ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын берген елміз. Қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде әлемге бейбітшілік сүйген көпұлтты ел ...
Толығырақ »БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті арыстықтар! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің нұрымен шуақ алып келетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын «Бірлік» атты ауқымды түсінікті насихаттайды. Өйткені біз БІР мақсат, БІР мүдде, БІР болашақ жолына жұмылған елміз. Бүгінгі таңда әлемдік ортада өз орны ...
Толығырақ »КЕНТАУ: ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ
Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округіне 150 млн теңге инвестиция тартқан «ӘБДІНАБИ» шаруақожалығы 150 гектар жерге жаңа технологияны қолдана отырып егін екті, деп жазады Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». 50 — ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған шаруақожалық бір жерден екі өнім алуды жоспарлап отыр. Ең алдымен, жерге тұқымы бөлек пияз отырғызған. Бір ай көлемінде өнімді жинамақ. ...
Толығырақ »ТУРИСТЕР ҮШІН АҚПАРАТ АЛУ БЕКЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Алдағы уақытта Түркістан темір жол вокзалында туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді. Ол орталық қалаға алғаш қадам басқан азаматтарға қысқаша ақпарат берумен айналысады. Шеткен келген азаматтар үшін тиімділігі жоғары бекет бұйыртса мамыр айында іске қосылады деп күтілуде, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М. Жарылқасынның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Айтып өтейік, бүгінде шаһардағы шойын жол вокзалында жөндеу жұмыстары жүруде. Ондағы ...
Толығырақ »COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЙЫҚТЫ
30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...
Толығырақ »ТОЛЫҚТАЙ ШЕШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...
Толығырақ »КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды. Көпір 2 ...
Толығырақ »БАҚЫТЫН ҚАЗАҚТАН ТАПҚАН
Қоғамда әртүрлі этнос өкілдері үй болып, бақытты отбасын құру бұрыннан қалыптасқан. Соның бірі — қазақтың шаңырағына келін болып түсіп, қазақ халқының тілі мен салт-дәстүрін жалғастырып отырған, бүгінде бақытты әже атанған татар ұлтының қызы — Дариха әже туралы қалам тербеуді жөн көрдік. Дариха Фаридқызы 1962 жылы қыркүйек айының алтыншы жұлдызында Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде Хайбуллиндер отбасында дүниеге ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ
Түркістан облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары жеңілдеді. Енді бұрынғыдай 24 сағат бойы үйде қамалып отырмай бір мезет аулаға шығып таза ауамен тыныстауға, қажет болған жағдайда, көшеге шығып шаш қысқартып әсемдік салондарына барып келуге болады. Себебі, облыс көлемінде бас санитардың бұйрығымен аумағы 250 шаршы метрден аспайтын қызмет көрсету орындары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар енді асханалардан тапсырыс бойынша тамақ алдыруға да ...
Толығырақ »ӘЛЕУЕТІ ӘЛЖУАЗ ТОПҚА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Рамазан — мейірім айы!». Осындай атаумен Қазығұрт ауданында Түркістан облыстық Зекет қорының өкілдерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игілікті іс барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 100 отбасыға азық — түліктер үлестірілді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды. Әр отбасыға жұмсалған қаржы он тоғыз мың теңгені құрайды. «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шара аясында әлеуеті әлжуаз топқа қолдау көрсетілді. ...
Толығырақ »ЗЕКЕТКЕ 21 ҚОЙ ТАРАТТЫ
Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір жақсылықтың өтеуі Алладан. Шардара ауданында Нематіллә Абдуллаев деген азамат зекет есебінде тұрмысы төмен отбасыларға 21 қой таратып берді. Бұған дейін де қаладағы қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайтын атымтай жомарт жанға ел разы, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Қолы ашықтың жолы ашық». Нематілла мырза аудан экономикасының түлеуіне тер төгіп жүрген кәсіпкерлердің көш басында. ...
Толығырақ »ЖОЛ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы барысын бақылау мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізді. Бұл жолы «Телман» шағын ауданында салынып жатқан М.Әуезов көшесі қоғамдық және ведомстволық бақылауға алынды. Арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жол төсемесін, тротуарларды, сондай-ақ трасса ...
Толығырақ »БІР ОТБАСЫНАН 7 АДАМ АЙЫҚТЫ
30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екенібелгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ
Түркістан облысы Төлеби ауданының жастары өз қаражаттарынан ақша жинап, мұқтаж отбасыларға көмек берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті ...
Толығырақ »