Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ЖАУҺАРЫ

ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ЖАУҺАРЫ

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Кентау қаласында болып, қала әкімі Даурен Махажановпен Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталы.

Жалпы ауданы 230 га жер телімі анықталып, оның 50 га жер телімінде туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды. Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың санын арттыруға және жаңа туристік маршруттар ашуға септігін тигізетін болады. Қаратау қорығы аумағы 34 мың гектар, онда Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан-жануарлар мекендейді.

Кентау қаласы әкімдігі ағымдағы жылы Хантағы туристік аумағына дейінгі 8 шақырым жол, веложолақ және жарықтандыру жүргізуді қолға алып отыр. Алдағы күндері туристік жобаларды жасақтап, әлеуетті инвесторларға ұсынылатын болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу