Түркістан облысы Кентау қаласында «АБН Альянс» ЖШС-ң полиэтиленді труба шығару цехі өз жұмысын бастады. Жобаның құны 600 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы. Онда бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізіп, жобаны іске қосқан. Алдағы уақытта аталған ғимараттың ішінде
«АБН Альянс» ЖШС радиатор шығару цехын іске қосу жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн. теңгені құрамақ. Мамандардың айтуынша, жоба толық іске асса, жылына 600 мың дана радиатор шығарылады деп күтілуде. Мұнда да 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, өңірде мұнда темірбетон шығару цехын ашу жобасы көзделуде. Жобаның құны 200 млн теңге. Аталған кәсіпорында жылына 13500 мың дана темірбетон шығарылмақ.
© DIDARBEK.kz