Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЫЛЫЖАЙДА ЖҰМЫС КӨП

ЖЫЛЫЖАЙДА ЖҰМЫС КӨП

Ордабасы ауданы жері құнарлы, табиғаты тамаша аймақтар қатарында. Сондықтан мұнда диқаншылық кәсіпті өркендетуге мүмкіндіктер көп. Алайда, көптеген жергілікті кәсіпкерлер бау – бақша егу үшін көктем мезгілін күтпей-ақ, жылыжай салып, оны жыл он екі ай өсірумен айналысуда. Бұл кәсіп бүгінде өзінің жан жақты тиіміділігін көрсетуде. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Атабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Аудандағы жылыжаймен айналысатын шаруашылықтың бірі – Шұбарсу ауылында орналасқан «Алмас Ерімбетов» жеке шаруа қожалығы.  Кәсіп иесі Алмас Ерімбетов бұл шаруамен 4 жылдан бері айналысуда.  Алғашында қожалық 1 гектар жерге қияр еккен. Шаруаның күйі келетін болғандықтан қожалық иесі  жылыжайын кеңейту мақсатында аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына несиеге өтініш берген.

Азамат Бөпешбаев  — кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының  Ордабасы ауданы бойынша бөлім басшысы: Біздің орталыққа өтініш берді. Мамандар жан жақты жұмыс істеп, көмек қолын созды. Қарапайым заттар экономикасы бойынша Банкцентркредиттен 150 млн теңге несие алып, шаруасын кеңейтті.

Мемлекет жәрдемінің арқасында қожалық иелері 1 гектар жылыжайға тағы да қосымша үш гектар қосқан. Оның  1 гектарына қияр егілсе, ал қалған үш гектарына қызанақ егілген.   Қазір дайын болған алғашқы өнімдер жиналу үстінде.

Тілектес Сапарбаев – кәсіпкер: «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарына рахмет! Көп көмек берді. Жұмысымыз жаман емес. Өнім мол. 

Жылыжай салған кәсіпкердің шапағаты қазір біраз елге тиіп тұрғаны анық. Өйткені, мұнда осы ауылдың 50- ден астам тұрғыны жұмысқа тартылған. Олардың  әрбірі 75 мың теңге көлемінде жалақы алып, отбасыларын асыруада.

Алмас Арипова – Шұбарсу ауылының тұрғыны: Ауылымыздан осындай жұмыс орны ашалғанаына қуаныштымыз. Міне, қаншама қыз келіншектер жұмыс атқарып жатыр. Бізді жқмысшы деп қарамай, барлық жағдайымызды жасап қойған. Дұрыс демаламыз, дұрыс тамақтанамыз. Айлығымыз уақтылы. Одан артық не керек? Рахмет!

Қазір мұнда тәулігіне 2-3 тоннаға дейін өнім жиналуда. Олардың дені Шымкент асып, Ресейге дейін жөнелтілуде. Жалпы, Ордабасы ауданында мұндай жылыжайлар жетерлік. Ал олардың әрбірінде негізінен жергілікті тұрғындар еңбек ететінін ескерсек, бұл кімге де болсын өте тиімді шаруа екені анық.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу