Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » МЫҢ ДУАДАҚ ТАБИҒАТҚА ЖІБЕРІЛДІ

МЫҢ ДУАДАҚ ТАБИҒАТҚА ЖІБЕРІЛДІ

«Қызыл кітапқа» енген ен даланың еркін құсы дуадақтың мың тұқымы Түркістан облысының аумағындағы Қызылқұм даласына еркіндікке жіберілді. Араб әмірлігіндегі арнайы тұқымбақта өсірілген құстар өңірге арнайы ұшақпен жеткізілді.  Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Сайын даланың төсіне қанат қаққан құстардың барлығының аяғында сақина бар. Онда дуадақтардың қай тұқымбақта өсірілгені, табиғатқа қашан жіберілгені секілді деректер жинақталған. Бұл олардың тіршілік ету ортасы туралы мәлімет жинақтауға және соның негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.Бұл, табиғат аясына жіберліген дуадақтың «джек» деп аталатын түрі. Олар негізінен Орта Азияның шөлейтті аймақтарын мекендейді. Сондай-ақ еліміздің Оңтүстігінің табиғатына да тез бой үйретеді.

Бақыт Мұсалиев – Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы: Алдағы кезде жылдық шама биылдың өзінде 3 мыңға жетіп қалды. Бұдан бөлек жергілікті Бәйдібек ауданындағы тұқымбақта арнайы өсіріліп отырған джек дуадақ құстары бар. Биылғы жылға 7 мың құс жіберу жоспарда бар. Ол жұмыстар шамамен он күннен соң басталады.

Айта кетейік, саны азайып кеткен құсты қолдан көбейту Қазақстан мен Араб Әмірлігінің бірлескен жобасы. Енді дуадақтардың қорық аумағындағы тіршілігі орман қорықшыларының, халықаралық қордың арнайы ренжерлерінің жіті бақылауында болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу