Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 422)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

13 253 ҚОҢЫРАУҒА ЖАУАП БЕРДІ

Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын. Орталық мамандары 22 наурыз бен 9 сәуір аралығында қоңырау шалған 8 707 азаматқа жауап берсе, 9-19 сәуір аралығындағы 10 күнде тұрғындар қойған 13 253 сауалды тыңдап, нақты жауап берді. Өз кезегінде орталықтың ...

Толығырақ »

КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢСЫЗ АЙДАП КЕТКЕНДЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері көліктерді заңсыз айдап кеткен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Ордабасы АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, облысымызда карантин енгізілгеніне байланысты Ордабасы ауданы аумағындағы блок-посттан рұқсат қағазы болмай өте алмай қалады. Содан бірнеше күнге Ордабасы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «газ құю» бекетінің операторына өтініш етіп, өзіне тиесілі маркасы «Audi ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ЕР ҚОЯН САХАБА КЕСЕНЕСІ

Түркістан қаласы, Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты, Серт ауылында орналасқан. ​​Ер Қоян сахаба қабірі Бабайқорған ауыл әкімшілігіне қарасты Серт ауылынан 8 шақырымдай солтүстік-шығыстағы Үкаша ата аңғары бойындағы төбе етегінде жатыр. Төбенің оңтүстік-шығысында 22х11 метрлік темір қоршаудың ішінде 13 метрлік тас үйіндісі бар. Осы орынды жергілікті халық «Ер Қоян ата әулие» деп атайды.Тас үйіндісі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатыр. Ер Қоян қабірінің басындағы 1,80х0,45,0,15 ...

Толығырақ »

АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылы алғашқы рет Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік ...

Толығырақ »

ҚЫЗҒАЛДАҚ ЖҰЛУШЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Әлеуметтік желілерде «Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері» туралы бейнежазба таралған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТ ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Келестік депутат «BIZBIRGEMIZ»  акциясы аясында жерлестеріне көмек көрсетті, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы Келес ауданынан сайланған Түркістан облыстық маслихатының депутаты, облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жаңабай Ағабеков коронавирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп, «BizBirgemiz» республикалық қорына 1 млн теңге аударған болатын. Бұл жолы халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының Келес аудандық ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ІРІКТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған Қазақстан ...

Толығырақ »

ПЕЙІЛГЕ ҚАРАЙ ПЕЙІШ БАР

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде көпшілік арасынан шыққан жомарт жандар індетпен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерге қолғабыс жасауда. Шымкенттегі осындай қайырымдылық акциясына кәсіподақ мүшелері де қалыс қалмады. Жуырда Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының өкілдері «Біз біргеміз!» акциясын өткізді. – Кәсіподақ мүшелері «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының қалалық филиалымен бірге ауқымды акция өткіздік. Оның аясында осындай қиын шақта күндіз-түні еңбек ...

Толығырақ »

«ІЗІН СУЫТПАЙ» АШЫЛҒАН ҰРЛЫҚ

Түркістан облысы полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен жас жігітті «ізін суытпай» сол күні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында үйінен ашылған дүкеніне ұры түсіп, 20 000 теңге болатын темекілерін, кассадағы 30 000 теңгеден астам ақшасын және тұрғын-үйінің ауласында орналасқан сарайынан 7 дана қыстық баллонын жымқырып кеткенін көрсетті. Жәбірленушіге ...

Толығырақ »

БРАКОНЬЕРЛЕР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден заңсыз ауланған 6 центнер балық тәркіледі, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Заңсыз балық аулау деректерінің жолын кесу үшін ұйымдастырылған жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау учаскелік инспекторлары Ақжайқын көлінде браконьерлерді ұстады. Олар заңсыз балық аулап, тасымалдаумен айналысатын Шардара ауданының екі тұрғыны болып шықты. Күдіктілердің «Мерседес-бенц» автокөлігінен, полиция қызметкерлері рұқсат ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ҚАШУЫНА ЖОЛ БЕРМЕГЕН

Биік құздан секіріп қол-аяғы сынса да, қылмыскердің қашуына жол бермеген Жедел уәкілдің жұмысы жеңіл емес. Қылмысты алдын алу мен болдырмау, ашу жұмыстарын жүргізетін тәртіп сақшысы қашанда табанды еңбек етуі тиіс. Сондай-ақ, қоғамды қырағылығымен күзетіп, қанды қол қылмыскерлерді құрықтау ісінде абыройлы қызметімен көрінуі керек. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Нұрдәулет Рүстемнің қашқан қылмыскерді ұстау үшін 30 метрлік құздан секірген ерлігін ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ОРДАБАСЫНЫ КІМ БАСҚАРАДЫ?

Шымкент қаласының Құрметті азаматы, жазушы-жездем Серік Жанәбілмен жиірек жүздесеміз. Ол кісінің әңгімесі жақсы. Жездемді көрген сайын жүзім жарқырай түседі. – Әу, Әсетжан, Ордабасыға кімді әкім қояйын деп жүрсің? – деп сұрады менен Секең. Мен ешкімді ешқайда әкім қойғалы жүрген жоқпын, әрине. Жездемнің әңгімесі солай. – Жездеке, апам қалай? Жақсы ма? Денсаулығы сыр беріп жүрген жоқ па? – Ееее, апаңды жау ...

Толығырақ »

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ КЕРЕК

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев жұмыс барысымен түске дейін «Жаңа ауыл», «Атамекен», «Мақталы», «Жолдасбай Ералиев» ауылдық округтерінде болды, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Алдымен аудан әкімі «Жаңа ауыл» округінде болып, мақта егіп жатқан шаруалардың жұмыстарымен жақыннан танысты. Шаруаларға жердің қызған шағын ұтымды пайдаланып шитті уақытында егіп тастау керектігін атап өтті. Одан кейінгі кезекте ...

Толығырақ »

КАРАНТИННЕН ШЫҚҚАН АУЫЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысы Сайрам Ауданы Көлкент ауыл округінен COVID-2019 індетін жұқтырған үш науқас тіркелген. Осыған байланысты Ханқорған және Қосбұлақ ауылдары карантинге жабылған-ды. Жақында Ханқорған ауылының тұрғыны коронавирустан айығып шықты және оның қарым-қатынаста болған жақындары мен таныстары індеттен дін аман. Сондықтан, Ханқорған ауылы ашылды. Ал тағы екі науқас Қосбұлақ елдімекенінен тіркелуіне байланысты бұл ауыл толығымен карантинде. Ауылға кіруге, ауылдан шығып кетуге болмайды. Сайрам ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ...

Толығырақ »

250-ДЕН АСТАМ ТӘРТІП БҰЗҒАН ЖАЙТ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы елдегі төтенше жағдай басталғалы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкен болатын. Тәртіп сақшылары тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілген. Соған қарамастан, небары екі күннің ішінде өңірде 33 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 6 тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынса, 15 адамға әкімшілік айыппұл салынып, тағы соншасына ескерту берілді.Қалғанына ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫН БАҚЫЛАДЫ

Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс нысандары бекітілген мерзімінде аяқталады. Қаланы абаттандыру жұмыстары да кестеге сай жүріп жатыр. Бұл туралы шаһардағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыстың карантиндік режимге сай жүруін бақылап шыққан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Қала құрылысшыларының жұмыс орындарына келіп-кетуіне жағдай жасалған. Тосқауыл жоқ. Мәселе облыс басшысының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ 390 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АЛДЫ

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42500 теңге төлемді Түркістан облысында 386 239 азамат алып үлгерді. Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков мәлімдеді, дееп жазады  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ӨТКЕЛДЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан қалалық және Сайрам аудандық орталық ауруханалар залалсыздандыру өткелдерін орнатқан алғашқы емдеу мекемелері. Дезинфекциялық дәліз қабылдау және босану бөлімдерінің кіреберістеріне орнатылған. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Қызметкерлер және науқастар ғимаратқа кіру үшін сол жерден өтеді. Құрылғы автоматты түрде іске қосылып, арнайы сұйықтық шашылады. Осылайша киімдегі қатерлі вирустарды жойып, инфекцияның алдын алуға болады, дейді сала мамандары, деп жазады  Түркістан облысы әкімінің ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп жазады Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков ауыл округтеріндегі жағдайды бақылау үшін арнайы жұмыс сапарына шықты. Әуелі Қарамұрт ауыл округіндегі дүкендерді аралаған аудан басшысы ауыл әкімі М.Нәжиевке құрылыс заттарын сататын сауда нүктелері жұмысын тоқтатпауы тиіс ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: МӘМЕТ ХАЛФЕ КЕСЕНЕСІ

Мәмет Халфе кесенесі Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан. Бұрынғы әдебиеттерде ескерткіш атауы Әзір баба деп жазылып келген. Жергілікті халық Мәмед Қалпе деп атайды. Басына қойылған белгісі мен қабірі ескі Созақ қорғанының нақ төбесінде. Ортағасырлық қалалар үлгісі цитадель, шахристан және рабаттан тұратыны белгілі, Мәмед Қалпе әулие осы ескі қала үлгісі бойынша цитадельдің нақ ортасында орналасқан. Басына тұрғызылған сағананың астыңғы жағы төртбұрышты ...

Толығырақ »

РУХАНИЯТ: ҚОСЫМ БАБА КЕСЕНЕСІ

Бәйдібек ауданы Шаян ауылының оңтүстігінде, мазар ішінде биіктеу жерге орналасқан. Кесене жоспарда төртбұрышты болып келген. Бір бөлмеден тұрады, көлемі 3,5 х 3,5 м. Қосым баба кесенесі күйген қыштан қаланған. Төбесі күмбезбен жабылған. Қабырғаларының сырты цемент тәріздес тастың үгінділерімен сыланған. Кесене ауданның сәулет өнерінің дамуы жағынан туристердің қызығушылығын тартады. Қосым баба (ишан) Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың күйеу баласы Әли (р.а.) мен Бибі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы Арыс қаласында ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап қала аумағындағы жайылымдық жерлердегі шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары жүргізілуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Залалсыздандыру жұмыстарына 12 техника мен «Өсімдік қорғау» ЖШС-нің мамандары жұмылдырылған. Өткен аптада залалсыздандыру алқаптарындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев, Түркістан ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ӘНІН ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ӘНШІЛЕРІ БІРГЕ ШЫРҚАДЫ

«Түркістаным-Тұраным» атты қазақ әнін түркі жұртының танымал әншілері бірге шырқады,  деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Бастауын аспан асты елінен алған коронавирус індеті бүгінде бүкіл әлемді үрейде ұстап отырғаны жасырын емес. Әлем бойынша миллионнан астам адам осы індеттен өлім құшса, қаншама мың адам жұқтырып алып, емделу үстінде. Бұл індет Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Аталған дертке ...

Толығырақ »

SOS! А СУДЬИ КТО?..

В редакцию пришло письмо. Обратившийся оказался адвокатом признанного следствием в качестве главного подозреваемого по уголовному делу М.К.Мырзабаева – г-н Б.М.Бидилдаев. Суть изложенного: В кафе «Сундет» состоялась перестрелка, в ходе которой Мырзабаев М.К. был тяжело ранен и доставлен бригадой скорой помощи в реанимационное отделение ГКБ №1 г. Шымкент. Диагноз: «Огнестрельное слепое ранение головы затылочной части. Открытая, проникающая черепно-мозговая травма. Ушиб головного ...

Толығырақ »