Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР…

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР…

Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең ұрпақты салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға сай тәрбиелесек, ұтарымыз мол. Ұлттық сана біздің идеологиямыздың және қазіргі қоғам дамуының негізі болып табылады.
Ұрпақтарар асындағы үйлесімділікті одан әрі нығайтудың жалпы идеологиясы – мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығын, азаматтық татулықты, қоғамдық және ұлтаралық келісімді одан әрі дамыту жолы.


Ұлттық ерекшелігімізді бойына сіңірген, елге үлгі боларлық ұрпақ өсіруге тырысу – бүгінгі басты міндет.
Отан отбасынан басталады демекші, әр отбасының өз мәдени сабақтастығы бар. Осындай сабақтастық Ішкі істер органдарындағы Төлегеновтер отбасында жалғасуда.
Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан Төлегенов Серік ағамыз Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.


Оның әкесі Төлегенұлы Бейсен ағамыз 1973-1999 жылдар аралығында Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының бөлімше бастығы қызметін атқарып милиция подполковнигі шенін алып қазіргі таңда зейнеткелікке шыққан.
Атасы Жумадилдаұлы Төлеген 1949-1983 жылдар аралығында Ішкі істер органдарында абыроймен қызмет атқарып, 1976-1983 жылдар аралығында №167/10 түзеу мекемесі бастығының орынбасары қызметін атқарып милиция полковнигі шенін алған.
Төлегеновтер отбасында Ішкі істер органдарында ұрпақтық сабақтастығы жалғасын табатындығына сенім білдіреміз!

©Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

Пікір жазу