«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектебі мен N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицей оқушыларымен өзара өткен қалалық дебат турнирінің жеңімпаздары — қазақ лигасы «Зият» командасы Назарбаев зияткерлік мектебі. Ағылшын лигасы «Future Leaders» командасы N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейі.
2020 жылы 14 мамыр күні сағат 17.00 де ZOOM платформасында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы жобасы аясында «Қазіргі әлемде адамдарға рухани құндылықтар жетіспейді деп есептейді» қарар тақырыбында қалалық дебат турнирі өтті.
Оған N107 Ю.Сареми атындағы мектеп-лицейі (қазақ лигасы «Жалын», ағылшын лигасы «Future Leaders»командалары) мен химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп (қазақ лигасы»Зият»,ағылшын лигасы «Стимул»командалары) оқушылары қатысты. Туірнирдің мақсаты — қала оқушыларының арасында мектептік дебаттық қозғалысты дамыту және насихаттау, қолдау, білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын және сендіру әдістерін, позитивті, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау және пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту болып табылады.
Дебат турнирінің нәтижесінде үздік деп танылған командалар түрлі номинацияларға ие болды.
© DIDARBEK.kz